Компаниядан

Біздің клиенттер

«Батыс Мұнай Транс» ЖШС жанар-жағармай материалдары мен бункерлеуді жеткізу, кемелерді кешенді агенттеу және флоттың өміршеңдігін қамтамасыз ету үшін қажетті қызмет түрлері саласында жетекші орында. Компания ЖЖМ теңізде және құрлықта сақтауды және тасымалдауды, көтерме және бөлшек сауданы жүзеге асырады. Ауқымды қызмет географиясы, өз мұнай базасы мен флот жанар-жағармай материалдарының кез келген көлемі мен түрін ұсынуға мүмкіндік береді. Дамыған логистика және жолға қойылған жүк тиеу жүйесі отынды Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының елді мекендері мен кез келген жеріне, сондай-ақ теңіз базасының объектілеріне арзан және тез жеткізуге мүмкіндік береді. Өз флотымызбен және клиенттердің флотымен жұмыс істеген жеті жыл ішінде біз кемелерге қызмет көрсетудің, бункерлеудің және барлық қажетті жабдықтаудың сапасын арттыру үшін пайдаланатын айрықша тәжірибе жинадық. Біз Қазақстанның барлық порттарында болатындықтан Ақтау мен Құрықта, Баутино мен Атырауда және Астрахань қаласының портында сервистік қызмет көрсетудің жоғары деңгейін қамтамасыз ете аламыз.

«Батыс Мұнай Транста» көрсетілетін қызмет деңгейіне айрықша көңіл бөлінеді. Қызметкерлерінің жоғары кәсіби шеберлігі мен бизнес-үдерісті оңтайландыру клиенттерді қисынды экономикалық жағдайларда барлық қажетпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Оның үстіне, клиенттердің мүдделерін қорғау мақсатында біздің компания ISO 9001:2000, ISO 14001:2004, OHSAS 18001:2007 стандарттарын қатаң ұстанады, оларға сәйкестік сертификациясын әлемдік техникалық инспекция және аудит көшбасшысы «Intertek MOODY» компаниясы жүргізген болатын.

Біз уақытты бағалап, өз міндеттерімізді барынша тез орындау үшін бар күшімізді салудамыз.

Біз әрбір серіктеспен жеке және икемді ынтымақтасу шартын ұсынамыз. Ұзақ мерзімді өзара қарым-қатынас іргетасы ретінде барынша жоғары деңгейде қамтамасыз етеміз.