Мұнай өнімдері

«Батыс Мұнай Транс» Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының кәсіпорындары мен мекемелері үшін жанар-жағармай материалдарын сақтау және тасымалдау, көтерме және бөлшек сауда қызметін жүзеге асырады. Компанияның меншігінде Доссор поселкесі (Атырау облысы) ауданында мұнай базасы, одан басқа Маңғышлақ (Маңғыстау облысы) станциясында жалға алынған сұйыққоймалары бар. Маңғыстау облысында жеке мұнай базасын салу жұмыстары белсенді жүріп жатыр, ол жақын болашақта өткізетін жанар-жағармай материалдарының көлемі мен сортын ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Ауқымды қызмет географиясы және компанияның дамыған техникалық базасы Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының елді мекендеріне ғана емес, сонымен қатар кез келген жеріне талап етілген жеткізу көлемін аз шығынмен және қысқа мерзімде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Өткізетін жанар-жағармай материалдарының сапалық көрсеткіштері қолданыстағы МемСТ талаптарына сай және сапа сертификаттарымен, сондай-ақ тәуелсіз сюрвейерлік компаниялардың есептерінде де расталуда.