Қалдықтарды жинау және пайдаға жарату

Компания өндіреді кеме қалдықтарын қабылдау және пайдаға жарату:

  • Лас (сарқынды) сулар
  • ХФВ
  • ҚТҚ
  • Құрғақ қоқыс
  • Пайдаланылған май

Қалдықтардың жиналуы – теңіз операцияларындағы табиғи және болмай қалмайтын үдеріс.

Компанияның қызмет бағыттарының бірі кеме қалдықтарының барлық түрін қабылдау және пайдаға жарату болып табылады. Қалдықтарды жинауды рейдте және айлақтарда жеке флот жүзеге асырады. Құрамында мұнайы бар қалдықтарды пайдаға жарату серіктестеріміздің мамандандырылған жабдықтарында жүргізіледі. Каспий теңізінің экологиялық жүйесінің осалдығы мен табиғат сақтау мәселесіндегі бүкіл жауапкершілікті сезіне отырып, компания заңнамадағы экологиялық талаптарға жауап беруге ұмтылады. Кеме қалдықтарын қабылдау операцияларын жүзеге асыруда компанияның экипаждары мен жұмыскерлері MORPOL 73/78 Теңіздегі қоршаған ортаны қорғау туралы халықаралық конвенция ережелері мен ұсынымдарын, сондай-ақ компанияның қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясатын ұстанады. Компанияда ISO 14001 и OHSAS 18001 стандарттарының талаптарына жауап беретін еңбек пен қоршаған ортаны қорғау жүйесі жасалып, табысты жұмыс істеуде.