Агенттеу

Жоғары деңгейде және экономикалық тиімді жағдайларда агенттік қызмет көрсете отырып, кемеге иелік ететін компания және флот операторы ретінде кеме қатынасындағы агенттеудің бүкіл маңызын басқалардан жақсы түсініп, өз флотымен және клиенттердің флотымен жеті жыл жұмыс істегенде жинаған тәжірибені тиімді пайдаланамыз. Біздің агенттік бөлім – бұл теңіз қызметі саласындағы жас, жоғары білікті мамандар командасы.

  • Барлық заманауи коммуникация түрлерін пайдаланып, 24 сағат бойы жұмыста, байланыстамыз. Порттарға (Ақтау, Құрық, Баутино, Атырау) тікелей жақын жерде компанияның жедел кеңселері бар.

 

  • Порт және жүк операцияларын бақылау — кемелердің бос тұрып қалуын болдырмас үшін.

 

  • Қазақстанның барлық порттарындағы жолға қойылған байланыстар портта кеме өңдеу үдерісіне тартылған мемлекеттік және порт қызметтерімен нысаншылдықтарды кедергісіз реттеуде кез келген міндетті жедел шешуге мүмкіндік береді.

 

  • Кемеге иелік ететін компанияның (жалдаушының), соның ішінде болжанбаған/апаттық жағдайлардағы мүдделерін қорғау. Кеме иесінің мүддесінде сталиийлік уақытты есептеп шығаруға байланысты кеме құжаттарын рәсімдеу. Есептелген шоттар бойынша мөлшерлеме мен тарифтерді бақылау – негізгі шығындарды болдырмау үшін.

 

  • Көші-қон нысаншылдықтарын толық рәсімдеп, экипажды ауыстыруды ұйымдастыру. Репатриация шығындары үшін оңтайлы қозғалыс маршрутын таңдау. Кемені айлаққа қоюды күту қажет болған жағдайда жаңадан келген экипаж мүшелерін барлық қажетті қолайлылықпен жабдықталған өз демалыс бөлмелеріне тегін орналастыру.

 

  • Портқа келген кезде туындайтын кез келген мәселеде капитан мен экипажға кеңес беру және практикалық көмектесу, көлікпен қамтамасыз ету.

 

  • Қажет болған жағдайда экипажға тиісті медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету.

 

  • Әрекет ету мерзімі өткен жағдайда санитарлық және өрт куәліктерін рәсімдеу. РМРС куәландыруды және су астын тексеруді ұйымдастыру.

 

  • Кемені портқа өткізуге көмектесу, сүйреткіш жалдау, арқандау операциялары. Кеменің ластағыштарды тапсыруын ұйымдастыру, соның ішінде өз флотының көмегімен.